Өткен маусымды 7 — орын мен аяқтаған сәтсіздіктен кейін “Оңтүстіктің феномені” еңсесін тіктей алады ма?
Бүгінде Қазақ футболының атын Еуропаның басты клубтық додасына жолдама алу арқылы Алматылық “Қайрат” шығарып жүр десек артық айтқанымыз емес. Азуың айға тіреген Еуропаның менмін деген “Реал Мадрид”, “Интер Милан”, “Арсенал” секілді гранттары мен жергілікті чемпионымыздың күш сынасуы кімді болмасын бей — жәй қалдырмады. Одан қалса Дастан Сатпаев, Темірлан Анарбеков секілді клуб тәрбиеленушілері Еуропаның назарында. Қазақстанда құрылу тарихы “Қайраттан” ертерек жатқан клубтар саусақпен санарлық. Соның бірі әрі бірегейі әрине “Ордабасы”. Тек жалғыз бір мәселе Алматылықтардың әлемдік деңгейге сай салынған тұрақты базасы бар. Шымкенттіктердің бұған дейін футбол командасының жекеменшік ғимараты болмаған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен клуб жекеменшік базасын жанкүйерлерге 2026 — жылдың алғашқы айында ақ таныстырды. Ресми деректерге сүйенсек спорттық нысан қаладан 15 км аралықта орналасқан, жалпы аумағы 8 гектарды құрайды. Территориясында жеке қонақ үйі, екі үлкен футбол аланы, жаттығу залдары бар.


Көңілге сенім сыйлайтын тағы бір жаңалық “Қажымұқан атындағы Орталық стадионда” өткен күрделі жөндеу жұмыстары. Соңғы жұмыстардан кейін стадион УЕФА — ның жоғарғы категорияларын ала алды. Енді Шымкент ірі турнирлердің іріктеу ойындарын өзінде қабылдай алады деген сөз. Ал 35.000 адамдық жаңы стадионның құрылысының басталуы барша Қазақстандық спорт жанкүйерлеріне қуаныш сыйлағаны айтпаса да түсінікті.
Көретін көз, еститін құлақ болса баршамызға ортақ нақты бір зат бар. “Ордабасы” жалғыз Шымкенттің ғана емес, Оңтүстіктің бренді. Жасалып жатқан жұмыстар күрделі өзгерістердің нышаны деп сенеміз.
НҰРБАҚ РАХМАШ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің “Журналистика” мамандығының 2 — курс студенті
