Редакция таңдауы

Әр азаматтың құқығына кепіл болатын басты құжат

Қазақстандықтардың білім-ғылым жолындағы ізденістері өз нәтижесін беруді. Бұл орайда әсіресе саяси, құқықтық сауаттың жоғарылағаны қуантады. Нәтижесінде Жаңа Конституция жобасын талқылауда ел азаматтары өте белсенді болуда. Бұл мақтан етеуге әбден лайық көрсеткіш. Орайы келгенде, мен де өз ойымды ортаға салып, жаңа Конституциядағы халыққа тиімді тұстарына тоқталғым келеді.


Мысалы, жобадағы 1-бапта Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады, ал ең жоғары құндылық – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені нақты жазылған.
Осы құндылықтардың нақты көрінісі ретінде 18-баптың 3-бөлімі «әр адам ұсталған сәтте өзінің бостандығын шектеу негізі мен құқықтары туралы толық ақпарат алады» деп бекітілді. Бұл – Миранда қағидасы:
— Ұсталған адам қысымға ұшырамайтындығына сенімді;
— Өзін айыптауға міндетті емес, үндемеуге құқылы;
— Адвокат көмегін алу мүмкіндігі бар.
Яғни жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды конституциялық деңгейде кепілдейді, әділетті қоғам тек сол кезде ғана мүмкін болады деген сөз.

*Тұрлыбек Қозыбақов*,
ҚР ІІМ ардагері, отставкадағы полиция полковнигі.
Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win