Редакция таңдауы

Конституцияда гуманитарлық бағыттағы құндылықтарды орнықтыруға маңыз берілген

 Конституциялық комиссия мүшелері ұсынған заң жобаларында адам құқықтарының үстемдігі және адами капиталдың ең басты байлық екені нақты көрініс тапқан. Сонымен бірге әрбір азамат өз мүмкіндігін толық жүзеге асыра алатын әділетті қоғам қалыптастыру көзделген.

Ғылым мен білімді дамытуға, сондай-ақ инновациялық салаларды ілгерілетуге ерекше мән берілуде. Қазіргі тарихи кезеңде еліміздің цифрлануға бейімделуі ғана жеткіліксіз екені айтылып, жасанды интеллект пен заманауи технологиялар қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс екені баса көрсетілді. Осыған байланысты Ата заңда адамгершілік құндылықтарды айқындап көрсету ұсынылып отыр.

Бұл ұстаным бойынша адам технологияға тәуелді болмайды, керісінше, адамзат ойлап тапқан жасанды интеллект өмірдің барлық саласында азаматтардың табысты дамуына жәрдемдесуі қажет. Әлемдік технологиялық жарыс жағдайында адами әлеуетке тұрақты инвестиция салатын мемлекеттердің басымдыққа ие болатыны да айтылды.

Конституциялық өзгерістерде гуманитарлық құндылықтарды нығайту, ұлттық бірегейлікті күшейту және қоршаған ортаны қорғауға басымдық беру мәселелері қозғалды.

Мемлекет басшысы патриотизмнің тек ұран емес, үлкен жауапкершілік пен нақты іс-әрекетті талап ететін ұғым екенін атап өтті. Осы көзқарас аясында елімізде волонтерлік қозғалыс кең қанат жайып келеді. Президент оны шынайы әрі жасампаз отансүйгіштіктің айқын көрінісі ретінде бағалады.

Қазіргі таңда волонтерлік қызмет азаматтық белсенділіктің, бірлік пен жеке жауапкершіліктің нақты көрінісіне айналып отыр. Ерiктiлер санының көбеюі, түрлі бастамалардың өрістеуі және «Таза Қазақстан» секілді жобалардың дамуы бұл құндылықтардың қоғам тарапынан кең қолдау тапқанын көрсетеді.

 

Альбина ЕЛШИЕВА,

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win