Еліміздің ең асыл құндылығы – Тәуелсіздік! Оны қастерлеп, қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Осы орайда М.Әуезов атындағы ОҚУ филология факультеті, журналистика және қазақ тілі кафедрасының студенттері «Тәуелсіздіктің тұғырлы жастары» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Білімгерлер жиын басталмас бұрын Қазақ халқының бостандығы үшін қуғын-сүргін көрген боздақтар мен Желтоқсан құрбандарын еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады. Студенттерден құралған «Шалқыма» ансамбльі көрерменге Құрманғазының «Балбырауын» күйін тарту етті. Тәуелсіз елдің ұландары бұл ерекше күнді қалай тойласа да, қалай қуанса да жарасады. Сондықтан өнерсүйер студенттер жыр оқып, әсем әндерімен кештің көркін кіргізді.
М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан университеті, журналистика
және қазақ тілі кафедрасының ұжымы