Редакция таңдауы

ӘДІЛ СӨЗ БЕН САПАЛЫ САРАПТАМАНЫҢ МІНБЕРІ

«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымы мен оқырмандарын 35 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл қос басылым – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап шаһардың тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, мәдени және рухани өмірін үздіксіз жазып келе жатқан беделді ақпарат көздері. Тоқсаныншы жылдардан бастау алған сара жолда газеттер Шымкенттің жылнамасына айналып, қала тарихының ажырамас бөлігі болды.

Осы жылдар ішінде басылымды әр кезеңде білікті де тәжірибелі, елге танымал журналистер басқарды. Соның нәтижесінде газет өз ұстанымынан айнымай, кәсіби биігін сақтап қалды. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, әділ сөздің, сапалы сараптаманың мінбері бола білген бұл ұжым өңірдегі журналистиканың нағыз мектебі ретінде қалыптасты. Қаншама қаламгердің шығармашылық шыңдалуына жол ашып, үлкен медиа кеңістікке қанат қақтыруына себепкер болды.

Мерейлі ұжымға тың идеялар, толағай табыстар мен шығармашылық серпін тілеймін. Қаламызбен бірге қадам басып, уақыт талабына сай жаңарып, дами беріңіздер. Оқырман сенімінен айнымай, ақпарат айдынында абыройларыңыз асқақтай берсін! Мерейтой құтты болсын!

 

Саламат ОМАШ, ҚР Журналистер Одағы
Шымкент қалалық  филиалының төрағасы,
«Оңтүстік» телеарнасының директоры

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win