Редакция таңдауы

“ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС” атты нәзік жандылардың өзін-өзі қорғау курсы

18 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында әйелдерге арналған “ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС” атты 5 күндік өзін-өзі қорғау курсының алғашқы күні өтті.

Курс семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары, сондай-ақ медиация ұғымы мен оның қолданылу салалары бойынша теориялық әрі тәжірибелік ақпарат берілді.

Қатысушылармен психолог, ағартушы, жеке кәсіпкер, педагог-тренер Боранбек Алтынбек Срайылұлы және заңгер, кәсіби медиатор
Кесебай Айжан Өмірзаққызы кездесіп, өз салалары бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған шағын кофе-брейк ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара нәзік жандылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз қауіпсіздігін қорғауға және қорқынышсыз өмір сүруіне бағытталған.

Курс жалпы 5 күнге созылады. Ертеңнен бастап қатысушылар үшін өзін-өзі қорғауға арналған практикалық сабақтар басталады. Сабақтар барысында қатысушылар арнайы жаттығулар арқылы нақты қорғану тәсілдерін үйренеді.

Өтетін орны: А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы

Өткізілген күні: 18 тамыз

Форматы: Семинар-тренинг

Қатысу тегін

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win