Редакция таңдауы

Әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлігін қолдау жалғаса береді

Шымкент қаласында өткен «Әйелдер көшбасшылығы және қоғамдық өзгерістер: Re.Women-нің Қазақстан болашағындағы рөлі» атты форум ел дамуының өзекті бағыттарын, оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнестің (ШОБ) мүддесін қорғау, сондай-ақ әйелдердің экономика мен қоғамдық үдерістердегі рөлін кеңінен талқылайтын маңызды алаңға айналды. Форум нақты нәтижелерден бастау алды. Себебі, Respublica партиясы жаңа Салық кодексінде «оңайлатылған режимді» сақтауды табанды түрде қорғап, өңірлердегі кәсіпкерлер көтерген мәселелерге нақты шешімдер ұсынып келеді.

Ауқымды іс-шараны Respublica партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Re.Women қауымдастығының өңірлік өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, партия мүшелері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым жетекшілері мен белсенді әйелдер қатысты.

Форум жұмысына арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жиналған қауымды форумның ашылуымен құттықтап, оның мазмұндық маңызына тоқталды. Ол әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлікті дамыту – қаланың әлеуметтік-экономикалық өсімінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Respublica партиясының аймақтық кеңес төрағасы Асқар Молдабек сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлікті қолдауға қатысты тапсырмаларының өңірде орындалу барысына тоқталды. Оның айтуынша, партияның белсенді араласуымен өңірде салықтық режимге қатысты бірқатар оң шешімдер қабылданған.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын кідіріссіз қабылдау қажеттігін атап өткен болатын. Бұл құжат өңірлік ерекшеліктерді ескеріп, кәсіпкерлерге дәлме-дәл қолдау көрсетуі тиіс. Мемлекет басшысы жергілікті өнім мен технологиялардың тиімділігін көрсете отырып, мемлекет пен бизнес «ынтымақты жауапкершілік» қағидаты бойынша жұмыс істеген жағдайда ауылдар мен шағын қалалардың дамуына серпін беретінін айтты, – деді Асқар Молдабек.

Форум барысында Respublica партиясының ұстанымы сөз болды. Respublica – кәсіпкерлік ортадан шыққан партия екенін, сондықтан қабылданатын шешімдер міндетті түрде практикалық сипатқа ие болуы тиіс екенін жеткізді.

Партияның тең төрағасы, Tau Companies Group президенті Сырымбек Тау форумға іссапарда жүрген жерінен тікелей эфир арқылы қосылды. Ол жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, тұрақты кәсіпкерлік философиясына тоқталды.

– Әділдік, жауапкершілік және жұмыс орындарын құратын адамдарға құрмет – дамудың негізі. Дәл осы сенім мен тұрақтылық бар жерде мықты экономикалық шешімдер пайда болады, – деді ол.

Сондай-ақ, Сырымбек Тау әйелдердің қазіргі қоғамдағы орнына ерекше мән берді.

– Бүгінде әйелдер тұтас салалардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Әйелдерге берілген мүмкіндік әрқашан жаңа сапа, жаңа жобалар және мықты басқарушылық шешімдер болып қайта оралады, – деп атап өтті.

Форумда Respublica партиясы фракциясының Мәжілістегі ерекшелігі де кеңінен сөз болды. Атап айтқанда, партия атынан сайланған депутаттардың жартысы – әйелдер, ал ең жас депутат та осы партия қатарында. Бұл Respublica-ның формализмге емес, қабілет пен көшбасшылыққа басымдық беретінін көрсетеді.

Мәжіліс депутаттары Айтуар Қошмамбетов, Олжас Құспеков, Динара Наумова, Екатерина Смолякова және Нұргүл Тау өздерінің заң шығару қызметіндегі нақты нәтижелерін көрсетіп келеді. Олардың қоржынында, жүздеген мың шағын және орта бизнес субъектілері үшін «оңайлатылған режимді» сақтау,бизнес мүддесін қорғайтын жаңа Салық кодексіне енгізілген маңызды түзетулер,вейптерге толық тыйым салу бастамасы,құмар ойындарын шектеу,бизнес, агросектор, отандық өндірушілер және әлеуметтік кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс бар.

Форум аясында шымкенттік кәсіпкерлердің табысты тәжірибелері де көпшілікке ұсынылды. Кофе желілерін дамытып отырған кәсіпкерлер, өндіріс және қызмет көрсету саласындағы компания өкілдері жергілікті бастамалардың ұлттық деңгейге дейін өсуге әлеуеті бар екенін нақты мысалдар арқылы көрсетті.

Іс-шара барысында өңірлерден келген дизайнерлер мен қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде отандық өнімдер қойылып, ұлттық кәсіпті қолдауға ниетті азаматтар мен жергілікті брендтерді бағалайтын қауым өкілдері бір алаңда тоғысты.

Respublica партиясы кәсіпкерлерге жүйелі әрі нақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл қолдау заңнамалық деңгейден бастап, өңірлердегі күнделікті жұмысқа дейін жалғасуда. Бизнес – оны тыңдаған жерде дамиды, ал экономика – ережелері айқын әрі әділ болған жағдайда ғана тұрақты өсімге қол жеткізеді.

 

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win