Редакция таңдауы

Әйелдердің белсенділігі қоғамның дамуына серпін береді

Қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуы әйелдердің белсенділігіне тікелей байланысты. Қазіргі әйелдер отбасының тірегі ғана емес, олар мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуына да айтарлықтай ықпал етеді.

Олар түрлі салаларда өздерінің көшбасшылық қасиеттерін танытып, қоғамдық мәселелерді шешуге араласып, көптеген әлеуметтік бастамаларға ұйытқы болып жүр. Әйелдер қауымының осындай жалпыұлттық дамудың маңызды құрамдас бөлігі деп айтуға болады. Осыған орай еліміздің түрлі өңірлерінде әйелдердің азаматтық белсенділігін арттыру, олардың әлеуетін әлеуметтік-экономикалық процестерге тиімді жұмылдыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес бюросы мен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының бірлескен отырысында осындай мәселелер кеңінен қаралды. Бұл жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен
Құранбек, партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева, сондай-ақ, саяси кеңес бюросының мүшелері мен мәслихат депутаттары қатысты.

Іс-шарада партия жанындағы әйелдер қанатының өңірдегі әйелдердің азаматтық белсенділігін арттыру бағытында атқарып жатқан жұмыстарының барысы талқыланды. Партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев әйелдердің қоғамдағы рөлі мен белсенділігін күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта қала әкімдігімен бірлесе кешенді жұмыстар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкентте әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс атқарып отырғанын, әйелдерді жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты.

Ал, әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керімбаева жыл басынан бері атқарылған нақты жұмыстарға тоқталды.

– 2025 жылдың басынан бері белсенді әйелдердің қатысуымен 70-тен астам іс-шара ұйымдастырылды. Қазіргі таңда әйелдер қанаты құрамында 150-ден астам белсенді әйел бар. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, медицина, білім, мәдениет, ғылым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар, – деді Наргиза Керімбаева.

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде әйелдерге арналған ай сайынғы жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұнда психологтар, заңгерлер және мемлекеттік органдар өкілдері тұрғындарға кеңес береді. Нәтижесінде 18 әйел жұмысқа орналастырылып, 15 азамат заңгерлік көмек алған. Сонымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық қолдау көрсетілген.

Күн тәртібінде сондай-ақ AMANAT партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» қалалық сайлауалды бағдарламасының іске асу барысы қаралды. Фракция мүшелеріне тиісті бағыттар бойынша толық ақпарат жинап, партия филиалына ұсыну тапсырылды.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win