Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоршаған ортаны, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады.
Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен қағидаттарын белгiлейдi, қандай іс-әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып табылатынын және оларды жасағаны үшiн қолданылатын жаза түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қандай әкiмшiлiк жаза қолданылуы, қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.
Әкімшілік жауапкершілік азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдандағы жауапкершіліктің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 125 бабына сәйкес, атқарушылық құжатт орындамағаны үшін борышкер әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Атқару құжаттарын орындау барысында сот орындаушылар тарапынан борышкерлерге атқару өндірісінің талабын орындау туралы хабарламалар жолданып, атқару амалдары жасалынады. Оның ішінде атқару өндірісінің талаптарын уақытылы орындамаған тұлғаларға (борышкерлерге) қатысты әкімшілік іс қозғалады. Яғни, әкімшілік жауаптылық, бұл – заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолданылуының көрінісін табады. Жалпы заңдық жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік – құқықтық негізі бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады. Әкімшілік жауаптылық субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылым да болуы мұмкін.
Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың тобы: атқарушы биліктің, құқық қорғау органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдарымен және соттармен қолданылады.
Аталған баптардың нәтижесінде сотпен немесе тиісті органмен тұлға кінәлі деп танылса, оған әкімшілік қамаққа алынуы немесе әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Жазаға тартылған тұлға тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар тұлға болып саналады. Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады. Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлерін айыратын біраз ерекшіліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшілігі, оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларын – әкімшілік жазалар жатады.
Осыған сәйкес, Шымкент қаласының Әділет департаментінің филиалы «Жеке сот орындаушылардың ұсыныстары бойынша әкімшілік тәжірибе бөлімі» жеке сот орындаушылардың жолдаған ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669, 665, 670, 667 баптарымен әкімшілік құқық бұзушылық ұсыныстар қаралады. Яғни, борышкердің іс-әрекетінде құқық бұзушылық салдары көрініс алса сот орындаушы тарапынан хаттама толтырылып, тиістілігі бойынша сотқа немесе органға іс-құжаттары жолданылып, қаралып, тиісті шешім қабылданады.
Жауапкершілікке тарту борышкерді атқарушылық құжаттарда көрсетілген әрекеттерді орындау міндетінен босатпайды.
К.КЫСТАУ,
Шымкент қаласының Әділет департаментінің филиалы
«Жеке сот орындаушылардың ұсыныстары бойынша
әкімшілік тәжірибе бөлімі» басшысы, аға сот орындаушы