Редакция таңдауы

Әлеуметтік азық-түлік үздіксіз жеткізілуі тиіс

Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекеттік мүлікті жалға беру, тәркіленген коммуналдық меншікке қабылданған мүліктер мәселелері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.

Қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев аталған мүліктерді пайдалану барысын баяндады. Жыл басынан 183 нысан, яғни, 23,7 мың шаршы метр жай жалға берілді. Сонымен қатар, 63 нысан ғимараттары жоқ мекемелерді орналастыруға және білім беру ұйымдарында алғашқы медициналық көмек көрсету кабинеттеріне 22,1 шаршы метр жайлар өтеусіз негізде мүліктік жалдауға берілді. Нәтижесінде есепті жылға бюджетке түсетін түсімдер жоспары 200 млн. тенгені құрап, бүгінгі таңда бюджетке нақты – 139,3 млн. теңге немесе жоспардағы қаржының 69,6 пайызы түскен.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т.Мекамбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда атқарылып жатқан кешенді шараларға тоқталды. Қала халқы бір жылда жалпы 600 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Тұрғындар макарон, ұн, нан өнімдерімен толығымен 100 пайызға қамтамасыз етілген. Сиыр еті бойынша қала өзін 17 пайызға қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады.

Көкөніс өнімдерінен де өзге өңірлерге де тәуелдіміз. Картоп Павлодар, Түркістан облыстарынан, Қытай Республикасы, Ресей Федерациясынан, пияз Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Ресей Федерациясынан, ал қырыққабат Түркістан облысымен Өзбекстан Республикасынан жеткізіледі. Әлеуметтік сауда нүктелерін ұлғайту мақсатында «Грамад» сауда желісі тарапынан «Бақша» атты 14 әлеуметтік дүкендер іске қосылды. Ал, қалған 10 сауда нүктесі орнатылу барысында. Бұл өз кезегінде, халықты әлеуметтік тауарлармен қолжетімді бағада қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді.

Қала басшысы қолжетімді көкөністермен қамтитын «Бақша» желісін көбейту жөнінде нақты тапсырма берді.

Сонымен қатар мәжілісте қаладағы өзекті мәселелер бойынша халықпен кері байланыс жасау, қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері пысықталды.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win