Редакция таңдауы

Алаяқтық үшін сот үкімі шықты

Біз қазіргі таңда болашағы зор, жетістігі мол қоғамда өмір сүріп келеміз.
Алайда бұл қоғамның шешімі табылмай тұрған бір дерт бар ол – алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Елімізде осы дертке арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
Дегенмен соған қарамастан аталған қылмыстың түрі жыл сайын артып келеді.
Мысалы, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында пластик терезе жасайтын цех ашып, тұрғындардың сеніміне кіріп, өз кәсібін заңды жолмен жүргізіп жатқандай көрсетіп, толық төлемдерін алып, кейін тапсырыстарды орындамай, қала тұрғындарының ақшаларын алаяқтықпен иемденіп кетіп «Е» есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот тергеуінде сотталушы «Е» есімді азамт жасаған алаяқтықтың 27 көрінісінің әр қайсысы бойынша өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерге өзінің қолынан келмейтін әрекеттерді айтып сендіргенін, клиенттермен келісімшарт жасасып,  олардың атынан «KaspiBank» АҚ-на   тиесілі   «KaspiGold» қосымшасы арқылы  бөліп  төлеуге  несие  шығарып, өзі ұсынған «QR» кодына толығымен төлем алғанын, келісілген мерзім өткеннен кейін де тапсырыстар орындалмағанын айтып көрсетті.
Өз кезегінде қылмыстық іс бойынша алаяқтың әрекетінен келтірілген жалпы шығын көлемі 32 миллион теңгеге жуықтағаны белгілі болды.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 08 сәуір 2025 жылғы үкімімен сотталушы «Е» ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін, яғни бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Осы ретте қала тұрғындарына төлем жасамас бұрын, құрылыс немесе жөндеу қызметтерін ұсынатын жеке тұлғалар жөнінде және цехтары туралы ақпаратты мұқият тексеруге кеңес береміз.
Алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып жатқан қазіргі кезде халықтың құқықтық сауаттылығы мен сақтығы –  басты қорғаныс құралы.
Еңбекші ауданының прокуратурасы

Соңғы жаңалықтар