Редакция таңдауы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

“БЖЗҚ” АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

“БЖЗҚ” АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда “Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары” тақырыбында өткізілетін “Ашық есік күні” онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз.

Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.

Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.

Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.

Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2025 жылғы 11 маусым күні сағат 10-00 нан 16-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);
2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);
3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:
1 сессия – https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m6fb966208de04c90cc4b03abb272f211
сілтемесімен өту керек.
2 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb9db6c9b3448d81d16aff0cb64316f70
сілтемесімен өту керек.
3 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mda96f5e3a723790b039a3fb3a721db07
сілтемесімен өту керек.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Соңғы жаңалықтар