“БЖЗҚ” АҚ-да (БЖЗҚ) “Ашық есік күні”: ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте “БЖЗҚ” АҚ “ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін” тақырыбында “Ашық есік күнін” өткізеді.
2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойды. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады. Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.
Ашық есік күнін өткізу кезінде БЖЗҚ салымшыларына 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелері туралы толығырақ ақпарат алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
Бұған қоса, қатысушылар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады.
Кездесу онлайн-форматта өтетін болғандықтан, оған барлық ниет білдірушілердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Іс-шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты материалдар жариялауға тартылған журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2025 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 10-00 нан 16-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:
1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);
2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);
3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:
1 сессия – https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m46906782969b24b8b6fa6175741b8470
сілтемесімен өту керек.
2 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m09b2719b7595a00b0115cd9263d38853
сілтемесімен өту керек.
3 сессия– https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m254066d200a90181d62fa5880a18af5b
сілтемесімен өту керек.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).