Шымкент қаласында салынып жатқан «Ақжар» қосалқы станциясының жалпы аумағы — 732 шаршы метр. Нысан 110 кВ-тық трансформатормен және 15,2 шақырымдық жоғары кернеулі кабельмен жабдықталатын болады.
Бүгінде нысанда жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, станцияны 2025 жылдың шілде айының соңына дейін толық іске қосу жоспарланған.
Жаңа қосалқы станция іске қосылғаннан кейін шамамен 50 мың тұрғын мен «Coca-Cola», «Дала-Транс» сияқты ірі кәсіпорындар сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр. Сондықтан жоба жұмысының уақытында және қауіпсіз аяқталуы — қала халқы үшін аса маңызды.