Редакция таңдауы

Ардагерге айрықша құрмет көрсетілді

Шымкент қаласында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Қаратау ауданы әкімдігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагері, елдің қадірлі қариясы Мұратәлі Төлепбергенұлының шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтау жасалды.

Іс-шараға Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев, қаладағы ардагерлер кеңесінің өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Олар ел қорғаған қаһарман қарт жауынгерді құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Ардагерге азық-түлік себеті, тұрмысқа қажетті заттар табысталып, жас ұрпаққа үлгі боларлық сұхбат болды.

Бұл игі іс-шара ел тарихындағы айтулы белестермен де үндесіп отыр. Биыл Қазақстан халқы Конституцияның 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Ардагерлер қауымы қос мерекенің маңызын ерекше атап, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап, болашағын жарқын етудің маңызын, бұл баршамыздың ортақ борышымыз екендігін жеткізді.

Кездесу барысында сөз алғандар ардагерлерді қадірлеу де елдіктің, өткенге деген тағзымның айқын көрінісі екенін атап өтті. Себебі олардың ерлігі мен еңбегі бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалағаны сөзсіз.

Өз кезегінде ардагер Мұратәлі Төлепбергенұлы да ізгі тілегін айтып, ел-жұртына ақ батасын берді. “Бүгінгі ұрпақтың қамқорлығы бізге үлкен демеу. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстанымыздың келешегі кемел болып, ынтымақ-бірлігіміз арта берсін!», деп өзіне көрсетілген зор құрмет үшін тағы бір алғысын білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Ж.ТҰРСЫНӘЛІҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win