Редакция таңдауы

АРДАГЕРЛЕР АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі және Қоғамдық кеңесінің мүшелері бірлесе қала аумағында жүргізіліп жатқан бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралау және жұмыс барысымен танысу іс-шарасы өтті.
Кенжехан Төлебаев бастаған қала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері маңызды жол құрылыстары және бірқатар әлеуметтік нысандармен танысты.

Көпшілік алдымен Қонаев даңғылы жалғасының 2-кезеңі бойынша атқарылған жұмыстарды аралап көрді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Сәметұлының айтуынша, бұл кезеңнің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Түркістан көшесінен
Терешкова көшесіне дейінгі аумақта құрылыс жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысына ашылды. Қазіргі таңда қабылдау жұмыстары басталған.

Қазіргі уақытта бесінші кезеңде жұмыстар қарқын алған. Бадам өзенінен Оңтүстік айналма жолына дейінгі аралықта 60 пайызға жуық жұмыстар орындалды. Келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Қонаев даңғылы жалғасы көлік кептелісін болдырмау, көлік қозғалысын оңтайландыру, жалпы Республика көшесіне балама ретінде салынуда.

– Халықтың әлеуметтік жағдайына, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасаған қаланың басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Қаладағы ірі күре жолдардың бірі Қонаев даңғылы жалғасының стратегиялық маңызы зор. Бұл жақта бұрын кептеліс көп болатын. Күрделі мәселені шешуде тиісті жұмыстар қолға алынып, құрылыстың жоспарға сай орындалғанын көріп отырмыз. Жалпы, ардагерлер болып үнемі бас қосып отырамыз. Қазіргі таңда кез келген көшенің бойында демалатын, саялайтын орындар да көбейді. Бұл – қуантарлық жағдай, – деді мемлекет және қоғам қайраткері
Шалатай Мырзахметов.

Одан кейін ардагерлер Әл-Фараби ауданы аумағындағы Қошқар ата өзені жағалауын абаттандыру жұмысымен де танысты. Бұлақ басынан Жангельдин көшесіне дейін абаттандыру, нығайту жұмыстары жүргізілген еді. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл Жангелдин көшесінен бастап, 3,5 шақырым аумақты абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Әбдірахмановтың мәліметінше, мұнда флора мен фаунаны сақтай отырып, түбін тазалау, шеттерін нығайту, жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Шомылу орындары да жасалған. Басқарма өкілі жалпы 1 млрд 400 млн теңге қаржы қаралғанын айтады.

Бұған қоса, өзен бойында заманауи инфрақұрылым қалыптастырылуда. Жаяу жүргіншілер жолы салынып, 139 орындық пен энергия үнемдейтін 360 шам орнату, сондай-ақ, 8 жаяу жүргінші көпірін салу қарастырылған. Бүгінде жарықшамдар орнатылып, 3 жаяу жүргінші көпірі тұрғындардың пайдалануына берілді.

Абаттандыру жұмыстары жауын-шашын мезгілінде су басу қаупін азайтып, қала тұрғындары үшін қауіпсіз, қолайлы және көркем демалыс аймағын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Болашақта бұл жоба қаланың рекреациялық және туристік әлеуетін айтарлықтай арттырады деп күтілуде.

Шаһарда Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмысы белсенді жүзеге асырылып келеді. Жоба экологиялық жағдайды жақсартуға, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және заманауи, жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінде Тұран ауданы Гагарин көшесі №32, №34, №40, №42 үйлердің аумағына жаңа гүлзар салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Тұран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асылжан Дәулетханұлы бұл бағытта атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Аудан аумағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының үлесін арттыру мақсатында 5 жерге әмбебап демалыс орындарын салу жоспарланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда,
Р.Қабылбеков көшесі бойында инвестиция жобасы аясында гүлзар құрылысы аяқталды. Ұ.Арғынбеков және С.Бәйтереков көшелері қиылысына
0,15 га жерге гүлзар салынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, танысу іс-шарасында ардагерлер «Бозарық» индустриялды аймағындағы Alsera kz ЖШС-ның жылыжай кешеніне барып, ондағы өндіріс барысын аралап көрді.

 

Т.ҚАСЫМОВ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win