Редакция таңдауы

Ардагерлер құрылтайдағы бастамаларға үн қосты

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтылған мәселелер бойынша Шымкент қалалық қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. 

Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев жүргізді. Мақсат Ұлттық құрылтайда айтылған мәселелерге орай пікір білдіру, мемлекеттік деңгейде қолға алынып жатқан өзгерісті бұқараға  түсіндіру болғандықтан негізгі баяндаманы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жасады.

– Ұлттық Құрылтайдың тарихи маңызы – оның нақты нәтижесінде. Соңғы жылдары Құрылтай мінберінде көтерілген ұсыныстардың негізінде ел өміріне әсер еткен ондаған заң қабылданды. Бұл Құрылтайдың жай пікір алмасу алаңы емес, мемлекеттік шешімдерге ықпал ететін пәрменді институтқа айналғанын көрсетеді, — деген ол осы сабақтастықтың заңды жалғасы ретінде Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Құрылтайда парламенттік реформаны ұсынғанын, бұл реформа елді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

–Сіздер – елдік мәселелер талқыланған талай тарихи кезеңнің куәгерісіздер. Бүгінгі жаңа Парламент – Құрылтай да сол дәстүрдің заңды жалғасы. Құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысысының отаншылдық туралы сөзі өзіме ерекше әсер етті. Расында да біз отаншылдықты жалаң сөзбен емес, ісімізбен, нақты қадамдарымызбен дәріптейтін, көрсететін кезеңдеміз. Бұл орайда ең алдымен қазақы қаймағы қалың Шымкент көш басынан көрінуі керек деп ойлаймын. Әсіресе, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін білім саласының мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өскелең ұрпаққа отаншылдық тәрбиені мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап сіңіруіміз қажет,- деді Сәрсен Абайұлы.

Ол сонымен қатар Президенттің ұлттық құндылықтарды дәріптеуде Абай ілімінің, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи мұрасының маңызына арнайы тоқталғанын. «Адал азамат» тұжырымдамасы осы рухани негіздерге сүйенетінін, Ұлттық Құрылтай рухани-мәдени саясатты жүйелейтін маңызды алаңға айналғанын да атап айтты.

Кеңейтілген алқа мәжілісінде Құрылтайда айтылған бірқатар мәселелерді тарқатып қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бұхарбай Парманов, парламенттік реформа жайында ардагерлер кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, жастар арасындағы отаншылдық тәрбие жөнінде Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова, экономикалық даму мәселесі бойынша қоғамдық кеңес мүшесі Әбдібақыт Мақұлбаев сөз сөйледі.

Олар аты ауысып отырған жаңа Парламент – Құрылтайдың ықпалы артатынын, заң шығару үдерісі ықшамдалып, сапалық тұрғыдан жетілетінін айтты. «Мұның бәрі – заңның қадірін арттыруға бағытталған қадамдар» деген олар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейетінін де тілге тиек етті.

Құрылтайда мәлім болғанындай, Президент өкілеттілігінің бір бөлігі заң шығарушы органға беріледі. Маңызды мемлекеттік құрылымдарды жасақтауда Парламенттің рөлі артады. Бұл – бір адамның емес, институттардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шешім. Яғни, ел басқарудағы салмақ бір орталықта шоғырланбай, өзара теңгерім арқылы жүзеге асады.

Алқалы жиында осының бәрі де жан-жақты түсіндірілді. Жиын соңында алқа мәжілісінің қаулысы қабылданды.

Қала әкімінің орынбасары С.Кұранбек қоғам белсендісі, тіл жанашыры Қабыл Дүйсенбиге жиын соңында ҚР ғылым және білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті.

 

Ж.ЖАЙЛАУБЕК

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win