Редакция таңдауы

Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясындағы қоғамдық қабылдау өтті. Оған «Zangerler Palatasi» заң консультанты Ерлан Алтынбек, жеке сот орындаушы Бекжан Хамитов, Шымкент қалалық адвокаттар алқасының өкілі – адвокат Араб Муталипов, сондай-ақ, әділет департаментінің бас маман Динара Өксікбаева қатысты. Құқық саласының тәжірибелі мамандары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың арыздары мен шағымдарын тыңдады.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар негізінен несиені өтей алмау, сот орындаушыларының әрекетіне наразылық, алимент өндіру қиындықтары, сондай-ақ, алаяқтықтың құрбаны болу сияқты мәселелерді алға тартты. Білікті заңгерлер әрбір азаматтың мәселесіне мұқият қарап, құқықтық кеңес беріп, заң аясында қажетті көмектерін көрсетті.

Азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және өзекті мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар