
Қадірлі қауым!
Сіздерді «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің жарыққа шыққанына 35 жыл толуымен құттықтаймын!
Бұл – Тәуелсіздікпен бірге жасап келе жатқан басылымдардың ғана емес, қазақ журналистикасының мерейлі белесі. Қос газет те шырайлы Шымкент шаһарын өркендетуге айрықша атсалысуда. Басылымдардың әрдайым өзекті мәселелерді көтеріп, шынайы ақпарат таратуы, тәлімді әрі танымдық материалдар жариялауы – соның айқын дәлелі.
Аймақтың айнасына айналған газеттер ел мүддесіне, халық игілігіне қалтқысыз қызмет етіп, билік пен бұқараны жалғайтын алтын көпір атанып отыр. Бағыты айқын, бағдары анық екі басылым оқырман қауымның рухани сұранысын өтеуден сырт қалған емес.
Өзіндік дәстүрі қалыптасқан газеттер алдағы уақытта да қалың оқырманның көзайымы болып, биік белестерді бағындырады деп сенемін.
Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!
Ерлан ҚАРИН,
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі
