«1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне!» орай, Қазақтың атбегілік өнерін насихаттау аясында, «Таутұмар» атты іс шарасы өтті.
Бұл күні алаңда ұлттық ойындар мен көптеген қызықты бәсекелер ұйымдастырылды.
Кіреберісте тегін билеттер таратылып, қатысушыларға естелік сыйлықтар, ұлттық аспаптар мен атқа қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді. Жеңімпаздар марапатталып, жас жеткіншектерге және жас атбегілеріне қолдау көрсетілді.
Шараның басты тосынсыйы — бас жүлдеге тай тігілді!Бақытты билет иесі халық алдында жарияланып,үлкен қошеметке бөленді.
Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың бойына ұлттық рух, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік ұялатты.
Ұлт болам десең — ұрпағыңды ұлттық рухта тәрбиеле!