Редакция таңдауы

Беделді басылымның әр сөзі салмақты

Құрметті  «Шымкент келбеті» және  «Панорама Шымкента»  газеттерінің ұжымы!

Сіздерді өңірлік журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан қос басылымның 35 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Осы жылдар ішінде газеттер Шымкент қаласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінің шынайы айнасына айналып, оқырман мен қоғам арасындағы сенімді ақпараттық алаң ретінде қалыптасты. Басылымдар әр кезеңде уақыт талабына сай жаңарып, өз оқырманының сенімінен айырылған емес.

Белгілі бір кезеңде осы газеттерді басқару мен үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды кәсіби тәжірибе болды. Редакция ұжымымен бірге атқарған жұмыс, шығармашылық ізденіс пен кәсіби талап бүгінгі жетістіктердің берік негізін қалады деп білемін.

Бүгінде «Шымкент келбеті» мен «Панорама Шымкента» қоғамда ой қалыптастыратын, салмақты сөзі бар беделді өңірлік басылым ретінде өз миссиясын абыроймен жалғастырып келеді.

Мерейлі мереке құтты болсын! Редакция ұжымына шығармашылық табыс, тың идеялар, тұрақты оқырман және кәсіби биіктер тілеймін. Газеттер алдағы уақытта да ел мүддесіне қызмет ете берсін!

 

Ізгі тілекпен, Айгүл Қапбарова,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win