Редакция таңдауы

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Қазақстанда жыл сайын 18 қазан – Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. Бұл мереке ұлтқа, дінге, жынысқа, жасқа немесе наным-сенімге қарамастан, бүкіл қоғамды бейбітшілік пен тұрақтылық идеясы аясында біріктіретін маңызды күн. Өйткені, кез келген елдің орнықты дамуы мен өркендеуінің негізі қоғамдағы татулық пен келісім.

Мемлекет пен дін арасындағы құқықтық қарым-қатынас — еліміздің құқықтық және әлеуметтік құрылымындағы негізгі бағыттардың бірі. Бұл саладағы саясатты айқындауда мемлекеттің дінге деген ұстанымы айрықша рөл атқарады. Бұл қатынастар Қазақстан Республкасының Конституциясы мен

2011 жылғы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негізделген.

Дін – белгілі бір әлеуметтік топтың дүниетанымдық және моральдық құндылықтарын қамтитын күрделі әлеуметтік институт. Ол адамның рухани дамуына ықпал етіп, өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына негіз болады. Зайырлы және демократиялық мемлекеттерде де дін өзінің маңызын жоғалтпаған, қайта қоғамдық келісім мен рухани тұрақтылықтың негізгі тіректерінің бірі ретінде көрініс табуда.

Қазақстан өзін мұсылман әлемінің бір бөлшегі ретінде таныта отырып, зайырлылық қағидаларын ұстанатын мемлекет ретінде дамып келеді. Елде діни саланы реттеуге бағытталған заңнамалық тетіктер қалыптасып, конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіру және діни ұйымдардың қызметін бақылау жүйесі жолға қойылған.

Конституцияға сәйкес, Қазақстанда мемлекет діннен бөлінген, ал әрбір азаматтың діни сенім бостандығына құқығы бар. Бұл мемлекет дінге бейтарап көзқарас танытып, діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпайды дегенді білдіреді. Мұндай құқықтық жүйе азаматтардың діни еркіндігін қамтамасыз етіп қана қоймай, дін мен мемлекеттің өзара шекарасын нақты белгілейді.

Мемлекет пен діннің қарым-қатынасы әр елде тарихи, мәдени және саяси ерекшеліктерге байланысты әртүрлі сипатта дамиды. Қазақстан бұл тұрғыда құқықтық теңдік пен діни төзімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Заңдар барлық дін өкілдерінің құқығын құрметтеуге және қоғамда бейбіт қатар өмір сүру жағдайын жасауға бағытталған.

Еліміздегі рухани келісім мен дінаралық үйлесім өз кезегінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресте, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда Қазақстанның ішкі тұрақтылығын сақтаумен қатар, әлемдік қауымдастықтағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуде.

Мемлекет барлық діндердің тең құқықтылығын қамтамасыз ете отырып, конфессияаралық келісімді нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте діни қауымдастықтар мен мемлекет радикализмге қарсы біріге әрекет етуі маңызды.

Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара байланыс заңды негізге, өзара құрметке және ортақ мүддеге — тұрақтылық пен қоғамдық келісімге сүйенуі қажет. Осындай жағдайда ғана түрлі діни наным-сенімдер бейбіт қатар өмір сүре алады.

Рухани келісім, татулық, ұлтаралық және конфессияаралық бірлік — Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі. Сондықтан бұл ұғымдар күн тәртібінен түспеуі тиіс. Осы орайда Рухани келісім күнінің белгіленуі  еліміздің болашағы үшін маңызы зор шешім.

Әрбір діни ұйым еліміздегі рухани татулықты нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуда. Мұның жарқын мысалы ретінде 2023 жылдан бастап жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін айтуға болады.

Ағымдағы жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде қабылданған «Астана бейбітшілік декларациясы – 2025» құжатында  конфессияаралық және мәдениетаралық диалогтың тереңдеуі қажеттігі атап көрсетілді. Құжатта соғыс, экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ ұстаным білдіріліп, жаһандық экологиялық және климаттық мәселелерге алаңдаушылық білдірілді. Сонымен қатар, әділетті қоғам құруда жастар мен әйелдердің рөліне ерекше басымдық жасалды.

Бүгінде еліміз жаһандық деңгейдегі дінаралық және мәдениетаралық диалогтың беделді алаңына айналып, бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту жолында табанды әрі маңызды үлес қосып келеді.

 

Сәуле РЫСБАЕВА,
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша
филиалының доценті, саяси ғылымдар кандидаты

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win