Редакция таңдауы

Бибігүл Жексенбай: Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елордадағы Еңбек мобильділігі орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сенатор орталықтың елдегі еңбек нарығын дамытудағы, азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Мемлекет тарапынан әрбір азаматтың өз әлеуетін толық іске асыруына, лайықты жұмыс табуына және тұрақты табысқа қол жеткізуіне қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты. Осы орайда сенатор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ең басты құндылығымыз – адам және оның еңбегі. Мемлекет әр азаматтың еңбек етіп, табыс табуына, кәсіби тұрғыда дамуына барлық жағдайды жасауға тиіс», деген ұстанымын еске салды.

«Бүгінде Еңбек мобильділігі орталықтары жұмыс іздеп жүрген азамат пен нақты жұмыс орындарының арасындағы негізгі көпірге айналды. Бұл орталықтар тек кеңес берумен шектелмей, адамдарға жаңа мүмкіндіктер ашып, өмірін өзгертуге және тұрақты табыс табуға жол көрсетіп отыр», деді Бибігүл Жексенбай.

Кездесу барысында сенатор мекеменің қазіргі қызметімен танысып, елордадағы жұмыссыздық жағдайына қатысты өзекті ақпарат алды. Сенатор соңғы жылдары Парламент тарапынан жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданғанын атап өтті.

«Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер арқылы кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру тетіктері кеңейтілді. Ал, жұмыссыз азаматтарды қолдаудың құқықтық негіздері күшейтіліп, атаулы әлеуметтік көмек пен уақытша жұмыспен қамту шаралары жетілдірілді. Сондай-ақ, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыруға және кадр тапшылығы бар өңірлерге жұмыс күшін тартуға бағытталған нормалар бекітіліп, кәсіпкерлікті бастауға арналған мемлекеттік гранттар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қолдау тетіктері кеңейтілді. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған құқықтық шаралар қабылданып жатыр», деді Б. Жексенбай.

Сенатордың айтуынша, бұл заңнамалық өзгерістер Еңбек мобильділігі орталықтарының рөлін күшейтіп, еңбек нарығын адамға бағдарланған, икемді әрі тиімді жүйеге айналдыруға мүмкіндік берді. Бибігүл Жексенбай алдағы уақытта да еңбек және жұмыспен қамту саласындағы заңнаманы жетілдіруде халықтың әлеуметтік осал топтарын, жастарды, әйелдерді және қайта даярлауды қажет ететін азаматтарды қолдауға басымдық берілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win