Редакция таңдауы

Билік бұқараның базынасын тыңдауға әрдайым дайын

Қазақстанда соңғы жылдары мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен халықпен өзара байланысты күшейтуге бағытталған жаңа үрдіс қалыптасып келеді. Бұл бағыттың өзегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тұр. 

Аталған қағида билік пен қоғам арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттік органдардың ел мүддесіне сай, тұрғындардың нақты сұранысына жедел әрі тиімді жауап беруін көздейді. Бүгінде бұл бастама орталықта ғана емес, өңірлерде де жүйелі түрде жүзеге асырылып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысынан айқын көрініс табуда.

Әсіресе, жергілікті әкімдіктер халықпен тікелей байланыс орнатуға, тұрғындардың талап-тілегі мен көтерген мәселелерін назардан тыс қалдырмауға басымдық беріп отыр. Осы тұрғыда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің жұмыс тәсілін ерекше атап өтуге болады. Қала басшысы аптасына бірнеше рет мегаполисті аралап, шаһардың тыныс-тіршілігін өз көзімен көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тікелей қадағалап келеді. Сонымен қатар, шағын аудандар мен елді мекендерде тұрғындармен көшпелі кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, халықтың мұң-мұқтажы мен өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдарын нақтылайды. Бұған қоса, ай сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әрбір өтінішке бейжай қарамай, оң шешім табуына күш салуда. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының жергілікті деңгейде нақты іске асып жатқанын көрсетеді.

Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды жеке қабылдау өтіп, тұрғындар қала әкіміне түрлі мәселелерімен келді. Өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй және жер қатынастары, білім беру мен кәсіпкерлік салаларына қатысты болды.

Әрбір өтініш бойынша азаматтарға тиісті түсіндірмелер беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар бойынша жауапты орындаушылар белгіленді, нақты орындау мерзімдері айқындалды.

Жалпы, қала әкімі, басқарма басшылары және аудан әкімдері күні бойы 260-тан астам азаматты қабылдады. Түскен барлық өтініш бақылауға алынып, заңнамада белгіленген тәртіппен, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға баса назар аударыла отырып қаралады.

Айта кету керек, азаматтарды жеке қабылдау және тұрғындармен ашық диалог орнату қала әкімдігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win