Жастар ресурстық орталығында «Уланған сана – ұрланған тағдыр» театрландырылған қойылымы және «Білім мен адал еңбек мұратқа жеткізеді» атты семинар өтті. Жиынға мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, ұстаздар, студенттер, дінтанушылар мен белсенді жастар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда діни сауаттылықты арттыру, жастарды радикалды идеологиядан қорғау, радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және еңбекке, білімге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, адал еңбек пен білімнің маңызын насихаттау, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту.
Театрландырылған қойылым шынайы оқиғалар желісімен дайындалып, деструктивті діни ағымдардың жастар өміріне тигізетін кері әсерін сахна тілімен көрсетті. Қойылым көрерменге экстремизмнің жеке тұлға мен қоғамға әкелетін трагедиясын терең сезінуге мүмкіндік берді.
Ал, «Білім мен адал еңбек мұратқа жеткізеді» атты семинар барысында дінтанушылар, қоғам қайраткерлері мен сала мамандары жастарды білім алуға, адал еңбек етуге, сыни ойлауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндеді. Семинар қатысушыларына қазіргі замандағы рухани-мәдени қауіптер мен оларға қарсы тұру жолдары кеңінен түсіндірілді.
М.Кенжебай