Редакция таңдауы

Білім саласы бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

Шымкент қаласында педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр. 28-29 қаңтар күндеріне жоспарланған іс-шарада жалпы 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылмақ. Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарын таныстыру, жұмыс іздеуші мамандарға кеңес беру және кадр тапшылығын азайту.

Жәрмеңке барысында педагог мәртебесі бар мамандарға конкурстық рәсімдерге қатысу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу және оларды электронды платформаға жүктеу бойынша кеңестер ұсынылады. Сонымен қатар, штаттық және кіші қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындары таныстырылады.

Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Дәрібаеваның айтуынша, жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелерден 164 мектеп, 12 колледждің өкілдері қатысып отыр. Бос орындар туралы мәліметтер білім басқармасының сайтында және әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Сонымен қатар, іс-шарада жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары слайд түрінде де көрсетілуде.
Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, жалпы қала бойынша 2063 бос жұмыс орны жарияланған. Жалпы орта білім беру ұйымдарында 1166 бос орын, педагог мамандардан тыс 600-ге жуық кіші қызметкерлердің де бос орны ұсынылды. Педагог кадрлар конкурс негізінде қабылданады. Ал, кіші қызметкерлердің конкурссыз жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда Шыкентте педагогтерді жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, жемқорлық тәуекелдерін азайту және кадрларды кәсіби деңгейіне сай іріктеу мақсатында орталықтандырылған конкурстық жүйе енгізіліп отыр. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бүгінгі жәрмеңкеде арнайы комиссия мүшелерімен кездесіп, ашықтықты, әділдікті, тазалықты қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Айта кетсек, жұмыс орындары жәрмеңкесі ертең де жалғасын табады.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win