Қазақстандық жастар-ел болашағының маңызды бөлшегі. Жастарды жұмыспен қамту тек олардың табыс көзі емес, елдің экономикалық өсуі.

Қазіргі таңда жас мамандар оқу бітіргеннен «қайда жұмысқа орналасамын» деген сұраққа оңай жауап бере алады. Өйткені, елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жас мамандар мен зейнет жасындағылар үшін түрлі жобалар қолға алынған. Мәселен, «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Бастау бизнес» сияқты мемлекеттік бағдарламалар жастардан бөлек, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс жасап, өз кәсібін ашуға мүмкіндік беріп отыр.
«Жастар практикасы» жобасы қолына дипломын енді алған жастарды жұмыспен қамтуға және тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Шымкент қаласы бойынша бағдарлама ашылғаннан бері 1682 жас маман еңбек етуде. «Күміс жас» бағдарламасы зейнеткерлік жасқа жетсе де, белсенді еңбек ете алатын адамдарды қолдауға бағытталған. «Бастау бизнес» жобасы нақты жұмыссыздар мен кәсіп бастағысы келетін жандарды кәсіпкерлікке баулиды. Бұл жоба бойынша алдағы жылда 2130 адамды кәсіпкердік негізде оқытып, 340 адамға өтеусіз мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары — Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынның мәліметінше, 2025 жылы жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспары артығымен орындалған. Жоспар бойынша 49 655 адамды жұмыспен қамту көзделсе, нақты 54 976 адам жұмысқа тартылды. Ал, биылғы жылы 31109 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бұл халықтың әл-ауқатының артуына оң әсер ететін маңызды қадам.
Дария НӘДІР
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Журналистика» мамандығының 2-курс студенті
