
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 2025 жылы осы бағыттағы жұмыстар қарқын алып, 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді.
Жаңа нысандар еліміздің әртүрлі аймағында орналасқан және машина жасау мен металлургиядан бастап химия және жеңіл өнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттарды қамтиды.
Іске қосылған өндірістік нысандар өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп отыр.
Пайдалануға берілген 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын қатарында:
«Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС (Алматы қаласы, машина жасау) бар. 182 млрд теңге инвестиция тартылып, 3 600 жұмыс орны ашылған. Жылына 120 мың жеңіл көлік шығаруға қауқарлы.
«KIA Qazaqstan» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау). Жылына 70 мың бірлік көлік шығарады. Инвестиция көлемі – 131,5 млрд теңге, 1500 жұмыс орны ашлылған.
«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС (қара металлургия, Павлодар облысы). Қуаты – 240 мың тонна ферросилицияны құрайды. Инвестиция көлемі – 92,4 млрд теңге. 800 жұмыс орнына лайықталған.
«KamLitKZ» ЖШС (Қостанай облысы, машина жасау). Жылына 74 000 бірлік машина шығару жоспарланған. Инвестиция көлемі – 82,5 млрд теңге, 550 жұмыс орны ашылған.
Қостанай облысында «KamLitKZ» ЖШС іске қосылды. Қуаты – жылына 90 000 бірлік, инвестиция көлемі – 78,2 млрд теңге, 100 жұмыс орнына лайықталған.
«Qaragandy Power Silicon» ЖШС (Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты). Жылына 175 мың тонна қара металлургия өндіреді. Инвестиция көлемі – 62,7 млрд теңге, 1145 жұмыс орны ашылған.
«ТЭМПО-Казахстан» ЖШС (қара металлургия, Қарағанды облысы), қуаты – жылына 250 мың тонна, инвестициялар – 37,9 млрд теңгеден астам, 547 жұмыс орны ашылған.
«ТексолТранс» ЖШС (машина жасау, Атырау облысы). Жобаның инвестициялық құны – 30,8 млрд теңге, 180 жұмыс орны құрылды. Жылына 2 160 жартылай вагон, 885 платформа, 165 жабық вагон және 900 цистерна шығарады.
«Kazferro Limited» ЖК (қара металлургия, Павлодар облысы), ферросилиций өндірісі – 60 000 тоннаны құрайды. Инвестиция көлемі – 27 миллиардтан астам теңге, 350 жұмыс орны құрылған.
«Гранд Материк» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Атырау облысы). Жылына 200 000 дана полиэтиленнен қап шығарады. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге, 35 жұмыс орны ашылған.
«CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС (түсті металлургия, Түркістан облысы). Кәсіпорындағы алюминий профилінің өндірісі – жылына 20 мың тонна, инвестиция – 8 млрд теңге, 250 жұмыс орны ашылған.
«Sauran Bricks» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Шымкент қаласы): автоклавты газоблокты шығару – жылына 200 мың м3 дейін, инвестициялар – 7,8 млрд теңге, 150 жұмыс орны.
«СЛ Групп» ЖШС (түсті металлургия, Алматы облысы). Қуаты – жылына 20 000 дана радиатор, инвестиция көлемі – 7,3 млрд теңге, 200 жұмыс орны.
«Евразийский Механический завод» ЖШС (машина жасау, Павлодар облысы). Инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңгеден астам, 60 жұмыс орны құрылған.
«Hong Shun»ЖШС (химия өнеркәсібі, Алматы облысы). Қуаты – жылына 200 000 тонна, инвестиция – 7 млрд теңгеден астам, 90 жұмыс орны ашылған.
«Алтын Дала Мақта» ЖШС (резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, Түркістан облысы). Қуаты – тәулігіне 60 тонна, инвестиция – 6,7 млрд теңге, 60 жұмыс орны құрылған.
«ТК Газоблок» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Алматы облысы). Жылына 15 000 тонна минералды жылытқыштар, металл конструкциясын шығарады. Инвестиция көлемі – 6,2 млрд теңге, 50 жұмыс орны құрылған.
«Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС (түсті металлургия, Қарағанды облысы). Жылына 48 000 тонна түсті металлургия өндіреді. Инвестиция көлемі – 6,2 млрд теңге, 115 жұмыс орны құрылған.
«Синтез Урал» ЖШС (химия өнеркәсібі, Батыс Қазақстан облысы). Қуаты – жылына 10 000 тонна метилэтанол, инвестиция – 6 млрд теңге, 35 жұмыс орнына лайықталған.
«KazFeltec» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Ақтөбе облысы). Қуаты – жылына 2 112 тонна, инвестиция көлемі – 5 млрд теңге, 40 жұмыс орны ашылған.
«ALLIANCE BUILDINGS» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Шымкент қаласы). Қуаты – жылына 150 000 бірлік, инвестиция көлемі – 4,8 млрд теңгеден астам, 200 жұмыс орны ашылған.
«KazPan» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Астана қаласы). Қуаты – жылына 1,5 млн м2, инвестициялар – 4,5 млрд теңге, 50 жұмыс орны.
«Bir beldeu bir zhol technology» ЖШС (машина жасау Түркістан облысы). Қуаты – жылына 518,4 мың дана, инвестициялар – 4,2 млрд теңге, 45 жұмыс орны.
«QILU Agro» ЖШС (машина жасау Солтүстік Қазақстан облысы). Қуаты – жылына 1 000 бірлік техника, инвестиция көлемі – 3,5 млрд теңге, 50 жұмыс орны, шығару – тракторлар 500 бірлік, тіркеме техникасы 150 бірлік, аспалы техника 200 бірлік, суару жүйелері 150 бірлік.
«MARVIK PARTNERS» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп, Шымкент қаласы). Жылына 8 млн метр сызықтық мата өндіреді, инвестиция – 3,2 млрд теңге, 200 жұмыс орны ашылған.
«Himmel Aluminium» ЖШС (қара металлургия, Шымкент қаласы). Жылына 14 400 тонна қара металлургия құюға қауқарлы, инвестиция – 3,2 млрд теңге, 150 жұмыс орнын ұсынған.
«Euro Glass» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Шымкент қаласы). Қуаты – жылына 500 мың м2, инвестиция – 3 млрд теңге, 50 жұмыс орны құрылған.
«Алтын Групп» ЖШС (машина жасау, Алматы қаласы). Қуаты – жылына 250 000 модуль, инвестиция – 2,9 млрд теңге, 87 жұмыс орны ашылған.
«Багдар ЛТД» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Алматы қаласы). Жылына 67,1 млн дана құрылыс материалын өндіреді, инвестиция – 2,4 млрд теңге, 58 жұмыс орны құрылған.
«БайконурСтройСнаб» ЖШС (машина жасау, Астана қаласы). Жылына 240 000 тежегіш бөлшек шығарады, инвестициялар – 1,5 млрд теңгеден астам, 45 жұмыс орны.
«Kapital Construction» ЖШС (қара металлургия, Алматы қаласы). Жылына 1,7 мың тонна профильді құбыр өндіреді, арматуралық тор – 510 мың м2, кварц агломераты – 25,5 мың м2, инвестиция – 1,5 млрд теңгеден астам, 100 жұмыс орнына лайықталған.
«AynaGlass» ЖШС (құрылыс материалдарын өндіру, Қызылорда облысы). Қуаты – жылына 720 мың м2, инвестиция – 1,5 млрд теңге, 55 жұмыс орны ашылған.
«ПолиТрейд Қазақстан» ЖШС (резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, Шымкент қаласы). Қуаты – жылына 100 млн метр, инвестиция – 1,3 млрд теңге, 30 жұмыс орны ашылған.
Жаңа өндірістердің іске қосылуы экономиканы әртараптандыруға, өңірлерді дамытуға және елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуына үлес қосып отыр. Жүзеге асырылған жобалардың арқасында 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрылып, 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берген.
