Редакция таңдауы

Цифрлық модернизация орнықты дамуға бастайды

Иә, Қазақстан халқы үшін дамудың жаңа кезеңі басталғаны рас. Ел Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында жасанды интеллектінің Қазақстан үшін стратегиялық маңызы әлдеқайда жоғары екеніне терең тоқталды. 

Жолдау Қазақстанды жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, білім беру мен кадрлық әлеуетті арттыру, жасанды интеллектті этикалық және құқықтық тұрғыдан реттейтін халықаралық аренадағы мүмкіндіктерді кеңейтетін ел ретінде көрсетті.
Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму минстрлігі құрылып, Қазақстан үш жыл ішінде цифрлы мемлекетке айналады. Бұл министрлік елдің экономикалық әлеуетін арттыруға баса назар аударып, ауыл шаруашылығында АІ технологиялары егістік алқаптарының өнімділігін болжауға, зиянкестерді ерте анықтауға мүмкіндік берсе, білім беру саласында әр оқушыға бейімделген оқыту әдістерін ұсынуға жол ашпақ.
Инновациялық қоғам қалыптастыру — жастардың цифрлық сауаттылығы мен шығармашылығын дамытудағы болашаққа салынған инвестиция. Стартаптар мен IT-индустрия дамып, елдің бәсекеге қабілеттілігі артады.

Сондай-ақ, білім беру мен цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында AI‑Sana бағдарламасы қолға алынғаны, деректердің қауіпсіздігі, этикалық стандарттар мен жауапкершілік мәселелері қарастырылуда.

Цифрлық  модернизация елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына тікелей ықпал етеді.

Мемлекеттік басқаруда электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызметтер қолжетімді, жылдам әрі ашық болмақ. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінде тиімділікті арттырып, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Цифрлық даму шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде жоғары жылдамдықты интернет желісі қамтамасыз етіліп, шалғай ауылдар да цифрлық инфрақұрылыммен қамтылады. Бұл ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Цифрлы технологиялар экономикалық өсімнің жаңа қозғаушы күші ретінде бизнес-процестерді оңтайландырады, шығынды азайтып, өнімділікті арттырады. Шағын және орта бизнесті цифрландыру арқылы жаңа нарықтарға шығуға жол ашылады.

Цифрлы модернизация елді жаһандық бәсекеге қабілетті, инновациялық, әділ және инклюзивті қоғамға айналдыруға жол ашады.

Әрбір Жолдау жаңа кезеңнің бастауы ғана емес, жауапкершіліктің, сенім мен серіктестіктің көрінісі.

 

Сәуле РЫСБАЕВА,
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
Шымкент қаласы бойынша филиал доценті, саяси ғылымдар кандидаты

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 503 // DEBUG: Failed to fetch from Panos endpoint (HTTP: 503) betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win