Редакция таңдауы

Дін саласы мамандарына арналған семинар өтті

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлар мен тренингтер өтті.

Биылғы жылдың 15-16 мамырында Шымкент қаласының «City» қонақ үйінің «Қызыл» мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – дінтану маманы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы және педагогика және психология маманы Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы семинар оқыды.

Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Діни сенім мәселелері, оның білім мен дәстүрге негізделген тіректері туралы» тақырыбымен қатысушыларға діни сенімнің қоғамдағы орны, адамның рухани дүниесіндегі маңызы және оның қалыптасу негіздерімен бөлісті. Ал дәрістің екінші бөлімінде «Бүгінгі қоғамда туындаған діни күмәндардың салдары» тақырыбына сай қазіргі таңда қоғамда жиі кездесетін діни күмәндердің себептері мен олардың салдары кеңінен қарастырылды. Сондай-ақ, дұрыс діни білім беру, дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және жастармен тиімді жұмыс жүргізудің маңызы айтылды

Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыстағы мотивациялық әңгіме» тақырыбы аясында қоғам үшін қауіпті болып саналатын деструктивті діни ағымдардың идеологиясы мен оларды ұстанатын тұлғаларға тән ерекшеліктер қарастырылды. Ал дәрістің екінші бөлімінде «Экстремизмнің алдын алу құралы ретінде дәстүрлі құндылықтарды сіңіру технологиялары» тақырыбы талқыланып, қазіргі қоғамда белең алып жатқан діни экстремизм мен радикализм мәселелері және олардың алдын алу жолдары айтылды. Сонымен бірге, дәстүрлі рухани және мәдени құндылықтарды жастардың санасына сіңіру арқылы қоғамда тұрақтылықты сақтау мәселесіне аударылды.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

Соңғы жаңалықтар