Қазақстанда стоматологиялық клиникаларды жоспардан тыс тексеру жалғасып жатыр. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық көмектің стандарттарының сақталуын және қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарының орындалуын бағалап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі МФБК-нің медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Ысқақованың айтуынша, жалпы 441 жоспардан тыс тексеру тіркелген. Соның ішінде: 274 — аяқталды;
68 — тіркеу сатысында;
26 — жүргізіліп жатыр.
Тағы 73 тексеру тіркеуден алынды, өйткені клиникалар іс жүзінде жұмыс істемеген. Мұндай жағдайлар ең көп Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген.
Тексеру қорытындысы бойынша клиникаларға жалпы сомасы 58,4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Барлығы 396 әкімшілік жаза қолданылған.
Ең жиі анықталғандары:
заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет — 113 хаттама, сомасы 2 309 330 теңге;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы бұзушылықтар — 90 хаттама, сомасы 27 111 140 теңге;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы қағидаларын бұзу — 67 хаттама, сомасы 14 076 500 теңге;
медициналық көмекті көрсету стандарттарын өрескел бұзу — 57 хаттама, сомасы 2 860 530 теңге;
лицензиялық талаптарды бұзу — 55 хаттама, сомасы 8 322 544 теңге.
Жеке-жеке алғанда, тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, қолдану және жарнамалау бойынша 14 жағдай тіркелді. Айыппұл сомасы — 2 988 320 теңге.
Жабылған клиникалар және жабдықты тәркілеу бойынша Айгүл Ысқақова Жамбыл облысында әкімшілік сот 10 стоматологиялық клиниканың жұмысын уақытша тоқтатқанын айтты:
ТОО «Реймбаев»;
ТОО «Тартыков»;
ТОО «Моки»;
ТОО «Еркимбаева»;
ИП «Хамза дент»;
ТОО «Dental clinic Grace»;
ИП «Бекетаев Б.С.»;
ИП «Габибова Э.А.»;
ТОО «Айымбекова»;
ТОО «Mercury dent».
Медициналық жабдықтар мен препараттар тәркіленді, оның ішінде стоматологиялық қондырғылар, портатив рентген аппараттары, ультракүлгін камералар және дәрі-дәрмектер бар.
Сондай-ақ, МФБК жұмысты тоқтату және қызметкерлерді жұмыстан шеттету арқылы жедел ден қоюдың тоғыз шарасын қолданған:
Алматы облысында — ТОО «Стоматологическая клиника Кристалл»;
Атырау облысында — «Элит» және «Clinic 32» стоматологиялық клиникалары;
Қостанай облысында — ИП «Досанова»;
Павлодар облысында — ТОО «DiDi dent», «РАЗИЕВ ГАЛИМ ТАЛГАТОВИЧ», ТОО «Стом-Икс»,
«АХМЕТОВ НУРЖАН СЕРЖАНОВИЧ»;
Шымкентте — ТОО «Красивая Улыбка».
Елдегі стоматологиялық клиникаларды тексеру жалғасып жатыр. Жалпы тізімге 622 медициналық ұйым енгізілген. Айгүл Ысқақованың нақтылауынша, 2026 жылғы мамырдың аяғына дейін қалған клиникалар тексеріледі.
