Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан жиналғандарға құттықтау сөзін арнады. Ол өз сөзінде Ата Заңның мемлекетіміздің тұғыры мен тәуелсіздігіміздің кепілі екендігін атап өтті.
Мерекелік кеште ауданның құқық қорғау және заң саласында қызмет етіп жүрген азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Алғыс хатта ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан үлестері үшін ризашылық білдіріліп, азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігі өскелең ұрпаққа үлгі екендігі айтылды.
Сонымен қатар, жиын барысында Конституция тарихына шолу жасалып, Ата Заңның маңызы кеңінен түсіндірілді. Мерекелік іс-шарада Шымкент қаласының өнерпаздары мен эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Гүлжауһар БАЖАҚАЙ
