Редакция таңдауы

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ БІЛІМДІ, ЕҢБЕКҚОР ӘРІ ОТАНШЫЛ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін «Үздік жастар – 2025» премиясының салтанатты марапаттау рәсімі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков арнайы қатысып, жыл бойы қоғамның түрлі саласында үздік нәтиже көрсеткен жастарды марапаттады.

Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі жастардың ел болашағындағы рөліне ерекше тоқталды.

– Қазақ халқы қашан да жастық шақты – өмірдің алтын дәурені деп білген, Жастарға сенім артпаған елдің ертеңі бұлыңғыр екенін терең түсінген. «Жас келсе – іске» деп, ұрпағына үміт пен жауапкершілікті қатар жүктей отырып, ел тізгінін ертеңге аманаттаған. Бүгінгі салтанатты жиын – сол сенімнің, сол сабақтастықтың жарқын көрінісі. Жастар – ел болашағы. Жастардың білімі мен білігі, жастық жігері мен жалынды мінезі, парасаты мен пайымы, тың бастамасы мен белсенді қадамы – мемлекет дамуының басты қозғаушы күші. Қай салада болсын жаңашыл ойымен, тынымсыз еңбегімен алға ұмтылған жастар барда, елдің еңсесі биік, келешегі кемел болары анық.

Шымкент – жастар қаласы. Бүгінде мегаполисте жастардың білім алып, еңбек етіп, кәсіп бастауына барлық жағдай жасалған. Еліміздің ертеңі – білімді, еңбекқор әрі отаншыл жастардың қолында. Сондықтан сіздердің әрбір жетістіктеріңіз – қаламыздың дамуына қосылған үлес, – деп атап өтті
Ғ.Сыздықбеков.

Аталған байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын дамытуға белсенді үлес қосып жүрген, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласатын, ғылым, білім, кәсіпкерлік, өндіріс, спорт және мәдениет салаларында табысқа жеткен жастарды қолдау, олардың еңбегін кеңінен насихаттау және жігерлендіру.

Биылғы байқауға Шымкент қаласынан 14 пен 35 жас аралығындағы 250-ге жуық жас өтінім берген. Арнайы комиссияның шешімімен түрлі сала бойынша үздік деп танылған 20 жас «Өз саласының үздігі» атағына ие болды.

Марапат иегерлері қатарында үздік студент, үздік жас жұмысшы, үздік жас кәсіпкер, сондай-ақ қоғам белсендісі, спорт, шығармашылық және волонтерлік бағыттағы үздік жастар бар. Жыл көшбасшыларына қала әкімінің атынан диплом, арнайы статуэтка және планшет табысталды. Салтанатты шараға жастар ұйымдарының жетекшілері, танымал спортшылар, депутаттар мен белсенді жастар қатысты.

«Үздік жастар – 2025» премиясы – жастардың еңбегін бағалап қана қоймай, олардың алдағы мақсаттарына серпін беретін, жаңа жетістіктерге жетелейтін маңызды алаң. Бұл шара Шымкент жастарының әлеуеті жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win