Редакция таңдауы

Эльвира Азимова: Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр

Конституциялық соттың төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрағасы Эльвира Азимова комиссияның алғашқы отырысында аталған құрылымның жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Конституциялық комиссияның алдында бір мезгілде екі маңызды міндет тұр: бір жағынан Конституциялық құрылыстың іргелі қағидаттарын сақтау, екінші жағынан заманауи сын-қатерлерге қатысты мемлекеттің ұстанымын нақты айқындау.
Эльвира Азимова комиссия мүшелерінің кәсіби тәжірибесі мен салмақты ұстанымы ұсыныстарды жан-жақты қарап, жүйелеп қорытуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Нәтижесінде елдің дамуына қуатты серпін беретін нақты әрі сараланған конституциялық өзгерістер жобасы әзірленуі тиіс.
Оның сөзінше, Конституциялық реформаның түпкі мақсаты — мемлекеттілікті нығайту және Ата заңның қазіргі заман талаптарына сай теңгерімді дамуын қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win