Редакция таңдауы

ЭЛЬВИРА АЗИМОВА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АТАДЫ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия алғашқы отырысын өткізіп, елдің басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды жария етті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне өкілді органның депутаты болуға, кәсіпкерлікпен айналысуға және қызметі кезеңінде саяси партия мүшесі болуға тыйым салу ұсынылды.

Сондай-ақ, жаңадан құрылатын Парламент – Құрылтайда заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізу мәселесі көтерілді. Бұл қадам заң шығару үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған.

Комиссия отырысында Ата заңды заманауи сын-қатерлерге бейімдеу, билік институттары арасындағы тепе-теңдікті қайта қарау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру негізгі басымдық ретінде аталды.

Конституциялық комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғамдық белсенділер, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қауымдастық мүшелері енді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win