Редакция таңдауы

ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ЕСІНДЕ

Биыл адамзат өміріне аса ауыр зұлмат әкелген ІІ дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толды. Оған 72 мемлекет қатысып, 65 миллион адам қаза тапса, тарихта оның 27 миллионы КСРО халқы (оның 18,5 миллион бейбіт тұрғындар) екені жазылған.

Жараланғандар, сынақ лагерлерінен өткендер миллиондап саналады. Бұл апаттан әлем халқы қасірет шекті.Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтасақ жеңіс сағатын соқтыруға қазақ халқының осы кезде қосқан үлесін шексіз. Майданда өзін көрсеткендерден бөлек, тылда да бар күшін салған қазақ көп. Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Арын жалау етіп, жанын алау етіп, жауға аттанды. Ел ұландары жерін, халқының өмірін, өзі туған өңірін, ақ сүт берген анасын, даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама?!

Ж.Баласағұн атындағы №6 мектебінің кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңістің өшпес шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға мол мағлұмат берілді.

А.АРЗЫҚҰЛОВА,
Ж.Баласағұн атындағы
№6 мектеп кітапханасының меңгерушісі

Соңғы жаңалықтар