
Футбол жанкүйерлеріне Марат Есмұратов есімі жақсы таныс. Ол көптеген жылдар бойы өз командаластары арасында үлкен беделге ие болып, Қазақстан футболының дамуына үлес қосқан тұлға.
Марат Жалғасұлы өзінің кәсіби мансабын 1979 жылы Шымкенттің «Мелиоратор» клубынан бастаған. Кейін ол «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы-СКИФ» командаларында өнер көрсетті. 1998-99 жылдарғы маусымда Қызылорда командасының құрамында Қазақстан Кубогын жеңіп алған алғашқы капитан ретінде тарихта қалды. Өз кәсіби мансабын ол 2001 жылы «Қайсар» клубында аяқтады.
Қазақстан ұлттық құрамасының тарихында да Марат Есмұратовтың орны ерекше. 1992 жылғы 1 маусымда Алматыда Қазақстан құрамасы Түркіменстанға қарсы алғашқы ресми матч өткізді. Сол тарихи кездесуге Марат та қатысты. Жалпы ұлттық құрамада ол 7 ойынға шықты. Кейіннен футболдан бепкерлік қызметпен айналысты.
Марат Есмұратов – Қазақстан футболына адалдығы мен кәсібилігі арқылы үлгі болып келген ойыншы.
