Редакция таңдауы

Халық Кеңесі Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жұмыс тобының мүшесі, президент кеңесшісі Ержан Жиенбаев Қазақстанда құрылуы ұсынылып отырған Халық Кеңесінің атқаратын қызметі туралы айтты.

Оның айтуынша, реформалардың жаңа кезеңінде қоғам дамуына қатысты барлық мәселелер бойынша тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізу үшін ауқымды платформа қажет. Осы мақсатта Қазақстанның Халық Кеңесін құру ұсынылып отыр.

Жаңа орган негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды біріктіріп, халықтың ынтымақ-бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады.

Комиссия отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтқан бастамаларына да назар аударылды. Президент бұл ұсыныстарды бірнеше жыл бойы қалыптасқан саяси жүйенің үйлесімді түйіні ретінде бағалаған.

Сондай-ақ, бірқатар елдер тәжірибесіне сүйене отырып, Вице-президент институтын енгізу ұсынылғаны айтылды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл қадам мемлекетті басқару процесін тұрақтандырып, билік иерархиясын нақты айқындауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win