Редакция таңдауы

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ШЫМКЕНТТІҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық №1 клиникалық ауруханасында болып, дәрігерлермен кездесті. Кездесу барысында аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов Парламент депутатын қалалық мәслихаттағы «Ақ жол» партиясы фракциясынан сайланған депутаттардың ықпалымен алынған заманауи медициналық аппаратпен таныстырды.

Бұл бүйрек тасын отасыз емдеуге арналған дистанциялық соққы-толқынды литотрипсия аппараты.

– Шымкентте бүйрек ауруымен ауыратындар көп. Әсіресе, бүйрегіне тас байланғандарды ота жасату қатты алаңдатады. Енді міне, бүгінгі медицинаның жетістігі денеге зақым келтірмей-ақ бүйректегі тасты ұсақтап түсіру әдісін қолдануға болады. Жаңа аппарат осы әдісті жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Ауруханамызда мұндай екі құрылғы бар. Біреуі – жаңа, екіншісін жөндеуден өткіздік. Осы екі аппаратпен бір жылда 1500-ге жуық науқастың бүйректегі тастан арылуына көмектестік,- дейді аурухананың бас дәрігері Бақытжан Жолдасбекұлы.

Еліміз бойынша мұндай аппарат Алматы, Астана қалаларында ғана болып келген. Енді міне, Шымкентте де бар. Арнайы аппараттың ерекшелігі сол – дененің сыртынан жоғары энергиялы соққы толқындары бағытталады да  ол жұмсақ тіндерге зиянын келтірмей бүйректегі тасты құм немесе ұсақ бөлшектерге айналдырады. Тура тасқа бағытталған толқын уатқан бөлшектер несеппен бірге табиғи жолмен сыртқа шығады.

Пышақсыз және тіліксіз, теріні зақымдамайды, тыртық қалдырмайды. Науқас жылдам оңалып, аз күнде-ақ үйіне сауығып орала алады.

–Отаның бұл түрі наркозсыз немесе жеңіл седациямен жасалады. Тастың орналасу дәлдігін дәрігерлер алдын ала рентген немесе УДЗ (УЗИ) аппаратымен нақты бақылайды. Бұл апараттар тек қана бүйректегі және несеп жолындағы тастарға арналған, – дейді бас дәрігер.

Жаңа аппараттың мүмкіндіктерімен танысқан мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Парламенттегі әлеуметтік мәдени даму комитеті тарапынан медицина саласының мамандарының дәрежесін көтеру, салаға қатысты түйіткілді көптеген мәселенің шешілуіне ықпал етіп келе жатқандарын тілге тиек етті.

– Халықтың денсаулығын сақтау мен қорғауда аянбай тер төгіп жүрген дәрігерлердің еңбегі ерен. Өзім көріп танысқан екі аппарат сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдете түседі деген ойдамын. Мұндай құрылғы болашақта еліміздің барлық өңірінде болуы керек деп ойлаймын, – деді Қазыбек Иса.

Астанадан келген халық қалаулысы мұнан соң аурухана ұжымымен, дәрігерлермен кездесіп, пікірлесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтылған маңызды мәселелер бойынша өз ойымен бөлісті. Сұхбаттың қоғамдық-саяси, рухани маңызына арнайы тоқталған Парламент депутаты Мемлекет басшысының жыл сайын халыққа және зиялы қауымға  беретін мұндай сұхбаттары елімізде саяси мәдениеттің қалыптасуына негіз екенін де атап өтті.

– Мемлекет басшысының ой саларлық сұхбаты елімізде ашық диалог қалыптасқанының айғағы. Елдік мәселелерді ашық айтып, талқыға салу мәдениеті дәстүрге айналып келеді. Бұл орайда айта кету керек, Президент қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен де жиі кездесу өткізеді. Халықтың рухани үнін жеткізуші зиялы қауым өкілдерінің әрбір пікірі ескерусіз қалған емес. Кей мәселенің шешілуіне ықпал ететіні де содан, – деді Қазыбек Иса.

Шымкент қаласындағы әлеуметтік, мәдени салалардың жұмысымен танысу барысында Парламент депутаты Шымқала мәдени-тарихи кешенінде де болып, ондағы көне жәдігерлермен танысты. Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Парламент депутатының бұл сапарында қасында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек те болып, сала мамандарымен кездесуді жүргізді.

– Тарихқа селқос қарамайық, тарихи жәдігерлеріміз бен мәдени құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, қорғауымыз керек. Өздеріңізге белгілі, қазба жұмыстарының нәтижесінде елімізде көне үш қаланың ғана орыны табылған. Ол –Тараз, Жаркент, Шымкент қаласы. Шымқала тарихи –мәдени кешінін аралау барысында білгеніміздей, сан ғасыр бұрын-ақ қазақтың тұрмыс салтында су құбыры, жылу жүйесі болғанын көруге болады.

Мен қай өңірге барсам да алдымен сол қаладағы мұражайға, архивке бас сұғамын. Өздеріңізге белгілі, Парламенттегі біздің комитеттің ықпал етуімен елімізде екі мұражайға ұлттық статус берілді. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, түрлі әлеуметтік қолдауға ие болуын мәселе етіп көтеріп, «Ақжол» партиясы түйіткілдің шешілуіне ықпал етіп келеді. Қазір архивтердегі құжаттарды цифрландыру ісі жаңдана түскен. Бұл істі одан әрі қарай да жалғастыра түсу керек. Құнды құжаттардың сақталуы маңызды. Ол үшін архивтерге жаңа заманауи техникалар қажет. Осы мәселеге де мән бергеніміз орынды, – деді Қазыбек Иса.

Орайы келгенде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкентте архив құжаттарына үлкен мән беріліп отырғанын, қалалық архивте заманауи апараттар барын, қазірге дейін 3 миллионнан астам құжат цифрлы құжат жүйесіне енгізілгенін атап өтті.

– Десе де Шымкентте әлі де болса мәдени мекемелерді көбейтуіміз керек. Бұл орайда қала әкімінің бастамасымен болашақта тарихи өлкетану музейін, суретшілерге арналған көрме орталығын ашу ойда бар, – деді Сәрсен Құранбек.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Шымкенттегі №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында да болып, қариялармен кездесті. Орталықта қазіргі таңда 161 қария бар. Оның 10-і зейнеткер, мүгедектігі бар 61 ерекше жан бар. Қариялардың 106-сы ер, 55- әйел. Барлығы да мемлекет қамқорлығына ие.

Ел арасында Қарттар үйі аталып кеткен бұл мекемені жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі де туындауда. Мұның мән-жайын орталықтың басшысы Перизат Шардарбекова түсіндіріп берді.

Қариялар «Ауыра қалсақ, қаланың ауруханалары қабылдамайды. Сайрам ауданының ауруханасына жібереді. Түркістан облыстық ауруханасының Шымкентте орналасқан клиникасына біздерді тіркеуге алу мүмкіндігі қарастырылса» деген өтініштерін жеткізді.

Парламент депутаты бұл мәселені тиісті сала басшыларына жеткізетінін, шешуге көмектесетінін айтты.

 

Жәмила МАМЫРӘЛІ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win