Редакция таңдауы

Халық қатысатын бюджет жобасы қаржыны тиімді пайдалануға негіз болуда

Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруда мемлекет қаржысының мақсатты және тиімді жұмсалуына негіз боларлық игі істер көбейіп келеді. Жалпы ауданы аумағында көппәтерлі 931 тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген.

Былтыр аталмыш жобаны іске асыру бойынша балалар ойын және ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілді. Нәтижесінде 32 балалар ойын алаңшасы және 2 кешенді спорт алаңша (Сәуле ш/а 35748 әскери бөлімінің әскери қалашығында, Сайрам шағын ауданы №27, №27/1) пайдалануға берілді.
Биыл 56 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Ал 47 ауланы абаттандыру жұмыстары келесі жылдың еншісіне өтуде.
Айта кету керек, былтыр «Әл-Фараби» КММ тарапынан 6, демеушілер тарапынан 3 ашық спорт алаңшаларға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көшелерді жарықтандыру ісі де біршама жақсарған. Аудандағы 133 көшеге жарықшамдар орнату ісінде қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берілген еді. Қазіргі таңда жоспарға енгізілген негізгі көшелерге жарықшамдар толық орнатылып, аудан тұрғындары игілікті іске өз ризашылықтарын білдіруде.
Бұдан бөлек қосымша 36 қысқа тұйық көшені жарықтандыру бойынша ұсыныс беріліп отыр. Биыл жыл соңына дейін сәтін салса бұл көшелерде де самаладай шам жанып тұрады.
Ал аулаларды жарықтандыру жұмыстары бойынша жоспарланған 112 көппәтерлі тұрғын үй ауласының 87-не жарықшам бағаналары орнатылып, 77%-ды құрады. Қалған 25 аулаға жарықшам орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win