Спорттың бір аты – денсаулық Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:31 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5480 раз

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың алғышарттары аталған болатын. Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі басталды. Жобаның мақсаты – мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді пайдаланып, олардың денсаулығын нығайту. Сонымен қатар жастарды спорт ойындарына бейімдеп, арасынан чемпионды анықтау.

352

 

Волейболдан қыздар арасындағы жарыс №135 жалпы орта білім беретін мектептің спорт залында өтті. Сайыста №108, 68, 114, 80 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста №108 мектеп командасы жеңімпаз атанып, келесі кезеңге жолдама алды.
– Волейбол жарысына үнемі қатысып келеміз. Барлық ойында үздік нәтижеге жетіп отырғанымыз жаттықтырушымыздың үздіксіз еңбегінің арқасында деп білеміз. Бұл жолы да қарсылас команданы жеңеміз деп, ойдағыдай дайындықпен келдік, – дейді жеңімпаз команданың мүшесі Сарвиноз Мирпайизиева.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беретін мекемелердің оқушылары арасында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахмат бойынша 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады. Оларды қолдау үшін әр мектептен фан-клубтар жасақталған.

Айдана МАРАЛБЕКҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.