Байқаудың алғашқы кезеңіне Еңбекші ауданы бойынша 34 мектептен 6-10 сыныпта оқитын 262 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.
Әдеби және тарихи танымдық шараның талабында көрсетілгендей, оқушылар 132 бет, 5206 жолдан тұратын Қобыланды батыр жырын жатқа айтудан сынға түсті. Нәтижесінде 1-ші орынды 150 000 теңге ақшалай сыйлық және Дипломмен марапатталған №100 мектеп оқушысы Ақзере Сапарбек жеңіп алды. 2-орынға ие болған №37 мектеп оқушысы Тұрсынай Балтабай 100 000 теңге мен Дипломды еншіледі. Ал 3-ші орын—50 000 теңге және Диплом №36 мектептен Әсел Абдикерге бұйырды. Жеңімпаздардың үшеуі де қалалық кезеңге жолдама алды.
Еске сала кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының ақтық сынында жеңімпазға 1 миллион теңге табысталатын болады.