Конкурста төрт педагогтың кәсіби құзыреттілігі, өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі, шәкірттерінің жетістігі секілді талаптар ескірілген. «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының» тапсырысымен жүргізілген тәуелсіз бағалау-сараптау жұмыстарының нәтижесінде ұстазымыздың жұмыстары жоғары бағаланып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс «Әлем педагогы – 2020» халықаралық конкурсына жіберілетін болады.
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында техникалық және кәсіптік білім, сондай-ақ мектепке дейінгі және орта білім жүйелері бойынша «2019 жылдың үздік педагогы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Еліміздің үздік педагогтарын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының» төрайымы Әлия Назарбаева арнайы құттықтады.