МЕКТЕПТЕРДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Среда, 10 Июнь 2020 03:36 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2940 раз

9de17ace-9960-4e7c-a960-46cf8fe00497

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Қала басшысы алдымен  Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Іргетасы 1989 жылы қаланған білім ордасы бүгінде 1060 оқушы орынға лайықталған. Мектепті күрделі жөндеу жұмыстарын «Ынтымақ Құрылыс» ЖШС компаниясы жүргізіп жатыр.
Қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында бұдан кейін №3 Балалар эстетикалық саз мектебіне барды. Мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмысының бүгінде 30 пайызы аяқталған. Барлық жұмыстарды мердігер компания жоспарланған кестеге сәйкес жаңа оқу жылына дейін аяқтауы тиіс.
Сонымен қатар, әкім тозығы жеткен №122 жалпы орта мектепке де ат басын бұрды. 2 ауысымда білім беріп отырған 620 орынды аталмыш мектептің кірпіші 1984 жылы қаланған.
Қала басшысы мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанына көз жеткізді. Білім нысандарындағы жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың сапасына мән беруді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.