Апатты және үш ауысымды мектептер азаяды Избранное

Среда, 12 Август 2020 05:10 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 665 раз

43d382ed-2441-488e-a01d-0709ec302243

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте білім ұйымдарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейіне барып, 2020-2021 оқу жылына дайындық жұмыстарының барысын пысықтады.

Қалада жаңа оқу жылы 742 білім беру мекемесі және 320 мыңға жуық білім алушымен басталғалы отыр.
Қала әкімінің айтуынша, биыл 13 мектеп (6 жаңа, 7 қосымша) және 2 өнер мектебінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 5 100 орындық 8 мектептің (4 жаңа, 4 қосымша)және 300 орындық 2 өнер мектебінің құрылысы аяқталады. Ал, 5 мектептің құрылысы (2 жаңа, 3 қосымша) 2021 жылы аяқталады.
Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.
– Биыл 1-сыныпқа 24 мыңнан астам бала келеді деп жоспарлануда. Білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды. Жеке қазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4 793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалдануда. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 15 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілуде. 17 мектепке спорт алаңдары, 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылуда. Сондай-ақ, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылында сатып алынатын 11-сынып оқулықтары мен қалған сыныптар үшін қосымша оқулықтардың 60 пайызы тасымалданды. 25 тамызға дейін жұмыс толығымен аяқталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.