Версия для печати

HR-Process: мұғалімдер жұмысқа ашық конкурспен қабылдануда Избранное

Среда, 14 Октябрь 2020 04:20 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 9587 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Білім саласындағы өзгерістер өз нәтижесін беруде. Биыл шымкенттік педагогтер жаңа жүйемен жұмысқа қабылданып жатыр. 1 тамыздан бастап «HR-Process» білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы 313 маман жұмысқа орналасқан.

517

 

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашық конкурс арқылы жұмысқа тұрған ұстаздармен арнайы кездесіп, автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін одан әрі дамыту және орын алған кемшіліктер жөнінде сөз қозғады.
– Кадрларды іріктеудің ашық және объективті жүйесі білім саласына үздік мамандарды тартудың кепілі болады. Міне, 2 айға жуық уақытта қалыптасқан оң пікір осы жұмысымыздың жемісті болғанын көрсетіп отыр. Қала әкімінің тапсырмасына орай, ендігі кезекте колледждер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жүйеге қосу және келер жылдан бастап педагогтерді аттестаттау жүйесін автоматтандыру қажет, – деді Шыңғыс Мұқан.
Кездесуде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «HR-Process» жүйесіне 4123 қолданушы тіркелгенін айтты. Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтауды назарға алатынын да атап өтті.
– Тамыздан бастап іске қосылған жүйеде жарияланған бос жұмыс орындарына үміткерлер тарапынан 2470 өтінім келіп түскен. Бүгінгі күні 460 бос жұмыс орны бойынша комиссияның 460 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 665 үміткердің 2328 өтініші қаралды (Бір үміткер әр түрлі мектептерге бірнеше өтінім бере алады). Жеңімпаздардың гендерлік теңдігіне тоқталсам, ер-азаматтардың үлесі төмен. Басымдық жас мамандарға беріледі, – деді
Ж.Арысбекқызы.
Айта кетейік, жүйе конкурстық әдіске негізделген. Арнайы комиссия құрамына білім беру мекемелерінің директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді. Әлеуметтік желілерде конкурс комиссиясының отырысы онлайн көрсетіледі. Байқаудың барлық нәтижесі www.hr-process.kz сайтында жарияланады.