Версия для печати

Ғылыми-зерттеуге басымдылық береміз

Четверг, 19 Ноябрь 2020 10:05 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2044 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еліміздің барлық өңірінде Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауы кеңіне талқыланып, зор қолдауға ие болуда.
Жолдауда, Президент ғылымды дамыту туралы айта отырып, саланы қаржыландырудың және қолдаудың
маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты екендігі, ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алуы және елімізге ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжаттың қажеттілігін атап өтті. Осы мақсаттарды алға қоя отырып, келешекте елімізді өндірісі өркендеген алпауыт елге айналдыруымыз қажет.
Президенттің Жолдауын қолдау мақсатында, қазіргі уақытты, «Тоқыма және тамақ инженерия» Жоғары мектебінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Жартылай фабрикаттың сапасын жақсарту мақсатында иірудің сақиналы тәсілімен өңделген иірімжіптің құрылымдық құрамын зерттеу», «Жоғары жиілікті токтардың тоқыма материалдарын ағарту технологиясын жетілдіруге әсерін зерттеу», «Тоқыма таңу материалдарына емдік қасиеттер беру технологиясын ғылыми негіздеу және әзірлеу және олардың сапасын бағалау», «Техникалық бұйымдардың жаңа жоғары технологиялық үлгісін жасау мақсатында матадан армирленген қанқалы қысымды өрт сөндіру түтігін жобалау және есептеу әдістерін әзірлеу», «Емдік қасиетті шөптерден экстракция алу және тамақ өндірісінде қолдану», «Жеміс жидектердің кептірілген ұнтақтарын тамақ өндірісінде пайдалану» және тағы басқалары.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында студенттер жаңа Білім беру бағдарламары бойынша оқуға қабылданды: БББ - 6В07230 - Жеңіл өнеркәсіп
бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, 6В07260 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы, 6В07241- Өсімдік майы мен майлар технологиясы, С6В07242 - Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы, 6В07250 - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, 6В07251-Ұн жарма өнімдердің технологиясы, 6В07252 - Қантты заттар және қантты кондитерлік өнімдер технологиясы.
Бұл жолғы Жолдау маңызды да күрделі деп есептейміз. Елде болған пандемияға байланысты қиындықтар өте көп, оны шешу жолдары оңай емес. Бұны жоғары деңгейде шешу үшін стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру бойынша берілген тапсырма халықтың жағдайына қарасқан мәселе деп білеміз. Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды.
Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздік. Біз Жолдауда көрсетілген шараларды орындауға атсалысамыз.

 

С.КЕНЖИБАЕВА,
«Тоқыма және тамақ
инженериясы» Жоғары
мектебінің деканы

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.