Асарда 1200 орындық мектеп ашылды Избранное

Вторник, 15 Декабрь 2020 04:58 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3888 раз

222

Тәуелсіздіктің 29 жылдығы қарсаңында Асар-2 шағынауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім беру ұясының ашылу салтанатына zoom бағдарламасы арқылы қатысқан қала әкімі М.Әйтенов аудан тұрғындары мен жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

№138 жалпы білім беретін орта мектептің ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен басталды. Оқушылар өз өлеңдерін оқып, мектеп туралы әндерін шырқады. Сондай-ақ, білім ошағына символикалық кілт табыс етілді. Жаңа білім ордасының лентасын кескен аудан тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Жаңа мектепті жергілікті тұрғындар көп жылдан бері армандағанын айтады.
Енді, оқушылар үш қабатты зәулім нысанда сапалы білім алып, үлкен көрсеткіштерге жетуді мақсат етеді. Жаңа ғимаратта оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, мереке қарсаңында шаһарда 5100 орындық 8 мектептің (4 жаңа, 4 қосымша) және 300 орындық 2 өнер мектебінің құрылысы пайдалануға берілді.
Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азайды. Сонымен қатар, 15 мекеме күрделі жөндеуден өтіп, 17 мектепке спорт алаңдары салынып, 16 мектепке турникет қойылды. Мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, 4 мектеп STEM-зертхана кабинеттерімен жабдықталған.