Білім ошақтары бой көтереді Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:30 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 14621 раз

Биыл Шымкент қаласында 1 920 орындық 4 мектептің құрылысы жалғасын табады.

574

 

Оның ішінде 2019 жылдың аяғында басталған Тұран шағынауданындағы 1200 орындық мектеп, Сайрам және Тоғыс тұрғын алабындағы 300 орындық 2 қосымша мектеп және құрылысы былтыр қолға алынған Сайрам тұрғын алабындағы 120 оқушыға арналған қосымша мектеп құрылысы бар.
Сонымен бірге қаладағы 300 орындық №46, 47 және 375 орындық №38, 80 және 1100 орындық №8 мектептердің жобалық сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптама қарауында.
Аталған білім нысандары бойынша жылдың басында сараптаманың оң қорытындысы алынып, осы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы сұратылатын болады.
Сонымен қатар, 600 орындық №45, 65, 72 мектептердің және Оқушылар сарайының жобалары әзірленуде. 2021 жылдың наурыз айында сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда.

Другие материалы в этой категории: « 4 080 мұғалім тест тапсырады Ерлікке - тағзым »