Шымкенттік оқушылар Нью-Йорк университетінің грантын ұтып алды Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:22 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5570 раз

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Азизбек Убайдуллаев пен Асылбек Сәдуақасов Нью-Йорк университетінің грантына ие болды.

210

 

Нью-Йорк университеті – Нью-Йорк, Абу-Даби және Шанхай қалаларында орналасқан әлемдегі жоғарғы оқу орындарының бірі. Асылбек аталмыш университетте 115-тен астам ұлт өкілдері оқитынын және таңдаған оқу орнының білім сапасы, өз студенттеріне ұсынатын мүмкіндіктері зор екенін айтады.
– Бұл университетте алғашқы оқу жылында студенттер нақты бір мамандықты таңдамайды. Яғни, студенттерге өзіне ұнаған мамандық түрін оқу барысында таңдауға мүмкіндік берілген. Өзім құжат тапсыру барысында мамандығымды «Сomputer science» етіп көрсеттім, – деп биылғы мектеп түлегі ЖОО-ның тағы бір артықшылығын атап өтті.

209


Асылбек Абу-Дабидегі уинверситетке түскен осы мектептің екінші оқушысы екенін атап өту керек. Азизбек Убайдуллаев болса, университеттің Нью-Йорк қаласындағы филиалына құжат тапсырған. Ол АҚШ мектептеріндегі білім жүйесі өзгерек болғандықтан, құжат тапсыру барысында эссеге аса мән аударғанын айтады. Дарынды оқушы академиялық білім жетістіктерін ғана емес, өзінің шахмат пен баскетболға қызығатынын да жазып өткен.
Азизбек өзін болашақта саяси сарапшы ретінде көреді.
– Саяси аналитик негізінен басқару процестерімен, дәлірек айтқанда экономикаға немесе әлеуметтік салаға қатысты басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етумен айналысады. Мен халықаралық қатынастар факультетіне түскендіктен, болашақта
Қазақстанның атынан басқа елдермен саяси келіссөздер жүргізетін боламын, – деп өз ойын жеткізді Азизбек.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.